№ 869 от 01.12.2023
Қазақстан Республикасы «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңының 43-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 2008 жылдың
10 шілдесінде Вероника Петровна Тиссенге адвокаттық қызметпен айналысу құқығына берілген №0002130 мемлекеттік лицензиясының қолданысы 2043 жылдың 24 қарашасына дейін тоқтатыла тұрсын.
2. Павлодар облысының Әділет департаменті осы бұйрықты
В.П. Тиссеннің, Павлодар облыстық адвокаттар алқасы, сот және құқық қорғау органдарының назарына жеткізсін.
3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:
1) адвокаттық қызметпен айналысуға берілген лицензиялардың Мемлекеттік тізіліміне тиісті жазба енгізсін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің директоры В.К. Калимоваға жүктелсін.
5. Осы бұйрық оған қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Негізі: Павлодар облыстық адвокаттар алқасының 09.10.2023 жылғы шығ. №1-06.119 өтінішхаты мен оған жолданған 15.11.2023 жылғы №1-05.139 және 24.11.2023 жылғы №1-05.143 толықтырулары, В.П. Тиссеннің өтініші.
Вице-министр А. Муқанова