№ 854 от 27.11.2023
«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы
1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен Бахтжамал Исмагуловна Шинбаеваға нотариаттық қызметпен айналысу құқығына 2000 жылғы 4 тамызда берілген №0000797 мемлекеттік лицензиясының күші тоқтатылсын.
2. Астана қаласы Әділет департаменті:
1) осы бұйрықты жекеше нотариус Б.И. Шинбаеваның назарына жеткізсін;
2) жекеше нотариус Б.И. Шинбаеваның мөрін жою ұйымдастырылсын;
3) нотариаттық палатамен бірге жекеше нотариус Б.И. Шинбаеваның іс жүргізуінде жатқан құжаттарын басқа нотариусқа беру бойынша шаралар қабылдасын.
3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын;
2) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiне аталған нотариустың лицензиясының күшін тоқтатылу туралы жазбаны енгізсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің директоры В.К. Калимоваға жүктелсін.
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Негізі: Астана қаласының азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотының 18.07.2023 жылғы шешімі.
Вице-министр А. Мұқанова