Лицензияның күшiн тоқтату туралы

№ 839 от 21.11.2023

«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы
1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен Айсана Сманға нотариаттық қызметпен айналысу құқығына 1999 жылғы 30 маусымда берілген №0000449 мемлекеттік лицензиясының күші тоқтатылсын.

2. Астана қаласы Әділет департаменті:

1) осы бұйрықты жекеше нотариус А. Сманның назарына жеткізсін;

2) жекеше нотариус А. Сманның мөрін жою ұйымдастырылсын;

3) нотариаттық палатамен бірге жекеше нотариус А. Сманның іс жүргізуінде жатқан құжаттарын басқа нотариусқа беру бойынша шаралар қабылдасын.

3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын;

2) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiне аталған нотариустың лицензиясының күшін тоқтатылу туралы жазбаны енгізсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің директоры В.К. Калимоваға жүктелсін.

5.Осы бұйрық оның мазмұны нотариустың назарына жеткізілген күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Негізі: Астана қаласының азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотының 22.06.2023 жылғы шешімі.

 

Вице-министр                                                                                    А. Мұқанова

Дата публикации
30 ноября 2023