Лицензияның күшiн тоқтату туралы

№ 822 от 16.11.2023

«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы
1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен Гульшахра Нурлановна Касеноваға нотариаттық қызметпен айналысу құқығына 2021 жылғы 23 сәуірде берілген № 21016359 мемлекеттік лицензиясының күші тоқтатылсын.

2. Астана қаласы Әділет департаменті:

1) осы бұйрықты жекеше нотариус Г.Н. Касенованың назарына жеткізсін;

2) жекеше нотариус Г.Н. Касенованың мөрін жою ұйымдастырылсын;

3) нотариаттық палатамен бірге жекеше нотариус Г.Н. Касенованың іс жүргізуінде жатқан құжаттарын басқа нотариусқа беру бойынша шаралар қабылдасын.

3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын;

2) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiне аталған нотариустың лицензиясының күшін тоқтатылу туралы жазбаны енгізсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті директоры В.К. Калимоваға жүктелсін.

5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Негізі: Астана қаласының азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотының 03.07.2023 жылғы шешімі.

 

Вице-министр                                                                                 А. Мұқанова

Дата публикации
30 ноября 2023