Лицензияның қолданысын тоқтата тұру туралы

№ 823 от 16.11.2023

«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 2-тармағының 5)-тармақшаларына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен Жансая Бауыржанқызы Айдосоваға нотариаттық қызметпен айналысу құқығына 2022 жылғы 06 сәуірде берілген № 22006410 мемлекеттік лицензиясының қолданысы алты ай мерзімге тоқтатыла тұрсын.

2. Шымкент қаласы Әділет департаменті:

1) осы бұйрықты жекеше нотариус Ж.Б. Айдосованың назарына жеткізсін;

2) лицензияның қолданысын тоқтата тұру кезеңінде лицензиаттың мөрін уақытша сақтауға алсын;

3) нотариаттық палатамен бірге жекеше нотариус Ж.Б. Айдосованың іс жүргізуінде жатқан құжаттарын басқа нотариусқа беру бойынша шаралар қабылдасын.

3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын;

2) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiне аталған нотариустың лицензиясының қолданысын тоқтата тұру туралы жазбаны енгізсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департамент директоры В.К. Калимоваға жүктелсін.

5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Негізі: Шымкент қаласы Әділет департаментінің 10.11.2023 жылғы № 1-1/28147-вн ұсынысы, Астана қаласының азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотының 17.08.2023 жылғы жеке ұйғарымы.

 

Вице-министр                                                                                  А. Мұқанова

Дата публикации
30 ноября 2023