№ 841 от 21.11.2023
«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы
1-тармағының 3)-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен Саят Кайырович Мухамедиевтің нотариаттық қызметпен айналысу құқығына 2012 жылғы 3 шілдеде берілген № 12005537 мемлекеттік лицензиясының күші тоқтатылсын.
2. Қарағанды облысының Әділет департаменті:
1) жекеше нотариус С.К. Мухамедиевтің мөрін жою ұйымдастырылсын;
2) нотариаттық палатамен бірге жекеше нотариус С.К. Мухамедиевтің іс жүргізуінде жатқан құжаттарын басқа нотариусқа беру бойынша шаралар қабылдасын.
3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын;
2) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiне аталған нотариустың лицензиясының күшін тоқтатылу туралы жазбаны енгізсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті директоры В.К. Калимоваға жүктелсін.
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Вице-министр А. Мұқанова