№ 860 от 28.11.2023
«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 2-1-тармағының 3)-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен Диана Жамалбековна Туяковаға нотариаттық қызметпен айналысу құқығына 2018 жылғы 20 сәуірде берілген № 18007977 мемлекеттік лицензиясының қолданысы 2024 жылдың 01 наурызына дейін тоқтатыла тұрсын.
2. Шымкент қаласы Әділет департаменті:
1) осы бұйрықты жекеше нотариус Д.Ж. Туякованың назарына жеткізсін;
2) лицензияның қолданысын тоқтата тұру кезеңінде лицензиаттың мөрін уақытша сақтауға алсын;
3) нотариаттық палатамен бірге жекеше нотариус Д.Ж. Туякованың іс жүргізуінде жатқан құжаттарын басқа нотариусқа беру бойынша шаралар қабылдасын.
3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын;
2) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiне аталған нотариустың лицензиясының қолданысын тоқтата тұру туралы жазбаны енгізсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті директоры В.К. Калимоваға жүктелсін.
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Негізі: Шымкент қаласы Әділет департаментінің 08.11.2023 жылғы № 1-1/27648-вн ұсынысы, 01.11.2023 жылғы нотариустың арызы.
Вице-министр А. Мұқанова