№ 853 от 24.11.2023
«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 2-1-тармағының 3)-тармақшаларына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен Туремурат Едашевич Дильмухамбетовтың нотариаттық қызметпен айналысу құқығына 2001 жылғы 28 қыркүйекте берілген № 0000892 мемлекеттік лицензиясының қолданысы 1 жыл мерзіміне тоқтатыла тұрсын.
2. Астана қаласының Әділет департаменті:
1) осы бұйрықты жекеше нотариус Т.Е. Дильмухамбетовтың назарына жеткізсін;
2) лицензияның қолданысын тоқтата тұру кезеңінде лицензиаттың мөрін уақытша сақтауға алсын;
3) нотариаттық палатамен бірге жекеше нотариус Т.Е. Дильмухамбетовтың іс жүргізуінде жатқан құжаттарын басқа нотариусқа беру бойынша шаралар қабылдасын.
3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын;
2) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiне аталған нотариустың лицензиясының қолданысын тоқтата тұру туралы жазбаны енгізсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департамент директоры В.К. Калимоваға жүктелсін.
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Негізі: Астана қаласы Әділет департаментінің 21.11.2023 жылғы № № 2-1/29629-вн ұсынысы, нотариус Т.Е. Дильмухамбетовтың 17.11.2023 жылғы өтініші.
Вице-министр А. Мұқанова