О лишении лицензии

№ 837 от 21.11.2023

1. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігімен Абзал Абилханович Ташевқа жеке сот орындаушысының қызметімен айналысуға берілген 2017 жылғы 21 қыркүйектегі №4078 мемлекеттік лицензиясынан айырылсын.

2. Шымкент қаласы Әділет департаменті Жеке сот орындаушыларының республикалық палатасымен бірге:

1)  осы бұйрықпен жеке сот орындаушысы таныстырылсын;

2) жеке сот орындаушысының iс жүргiзуiн, мұрағатын, ағымдағы шотының қаражатын басқа жеке сот орындаушысына тапсыру жөнiнде шаралар қабылдасын;

3)  жеке сот орындаушысы ретінде жеке мөрін жойсын;

4) жеке сот орындаушысы ретінде Қазақстан Республикасы атқарушылық іс жүргізу органдарының автоматтандырылған ақпараттық жүйесіндегі есептік жазбасын жою бойынша шаралар қабылдасын;

5) жеке сот орындаушысы ретінде iс жүргiзуi, мұрағаты, ағымдағы шотының қаражаты жеке сот орындаушыларының өңiрлiк палатасына тапсырылған соң аталған жеке сот орындаушысын есептік тіркеуден алсын.

3. Шымкент қаласы Әділет департаменті жеке сот орындаушысының өндіріп алушылардың пайдасына өндіріп алынған сомаларды сақтауға арналған ағымдағы шоты бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру жөніндегі шаралар қабылдасын.

4. Мәжбүрлеп орындау департаменті мемлекеттік лицензия тізіліміне жеке сот орындаушысының қызметімен айналысу құқығына берілген лицензиясынан айыру туралы жазбаны енгізсін.

5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Мәжбүрлеп орындау департаментіне жүктелсін (А. Тленчиев).

6. Осы бұйрық қол қойылған кезден бастап қолданысқа енгізіледі.

Негізі: Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотының 2023 жылғы 17 қазанындағы үкімі (заңды күшіне 2 қараша 2023 жылы енген).

 

 

Қазақстан Республикасының

Әділет вице-министрі                                               Д.Ваисов

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
22 ноября 2023