№ 840 от 21.11.2023
«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 2-1-тармағының 3)-тармақшаларына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен Жанар Опласыновна Мухамадиеваның нотариаттық қызметпен айналысу құқығына 2015 жылғы 18 тамызда берілген № 15015255 мемлекеттік лицензиясының қолданысы 2025 жылғы 09 қарашаға дейінгі мерзімде тоқтатыла тұрсын.
2. Алматы қаласының Әділет департаменті:
1) осы бұйрықты жекеше нотариус Ж.О. Мухамадиеваның назарына жеткізсін;
2) лицензияның қолданысын тоқтата тұру кезеңінде лицензиаттың мөрін уақытша сақтауға алсын;
3) нотариаттық палатамен бірге жекеше нотариус Ж.О. Мухамадиеваның іс жүргізуінде жатқан құжаттарын басқа нотариусқа беру бойынша шаралар қабылдасын.
3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын;
2) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiне аталған нотариустың лицензиясының қолданысын тоқтата тұру туралы жазбаны енгізсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департамент директоры В.К. Калимоваға жүктелсін.
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Негізі: Алматы қаласы Әділет департаментінің 17.11.2023 жылғы № 03-1/29218-вн ұсынысы, нотариус Ж.О. Мухамадиеваның 09.11.2023 жылғы өтініші.
Вице-министр А. Мұқанова