№ 815 от 13.11.2023
Қазақстан Республикасының «Нотариат туралы» Заңының 10-бабы 3-1- тармағына, «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Заңының 45-бабы 7-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 2021 жылғы 19 қарашада Гульзат Нургалиевна Джуматаеваға нотариаттық қызметпен айналысу құқығына берілген № 0002088 мемлекеттік лицензиясының қолданысы қайта басталсын.
2. Астана қаласы Әділет департаменті осы бұйрықты жекеше нотариус Г.Н. Джуматаеваның назарына жеткізсін.
3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiне аталған нотариустың лицензиясының қолданысын қайта бастау туралы жазбаны енгізсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті директорының В.К. Калимоваға жүктелсін.
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Негізі: Астана қаласының Әділет департаментінің 2023 жылғы 20 қазандағы № 2-1/25035-ВН ұсынысы, Г.Н.Джуматаеваның арызы.
Вице-министр А. Мұқанова