№ 806 от 09.11.2023
«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы
1-тармағының 3)-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен Ерболат Ерсаинович Елеубаевтың нотариаттық қызметпен айналысу құқығына 2014 жылғы 22 шілдеде берілген № 14010332 мемлекеттік лицензиясының күші тоқтатылсын.
2. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаменті:
1) жекеше нотариус Е.Е. Елеубаевтың мөрін жою ұйымдастырылсын;
2) нотариаттық палатамен бірге жекеше нотариус Е.Е.Елеубаевтың іс жүргізуінде жатқан құжаттарын басқа нотариусқа беру бойынша шаралар қабылдасын.
3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын;
2) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiне аталған нотариустың лицензиясының күшін тоқтатылу туралы жазбаны енгізсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті директоры В.К. Калимоваға жүктелсін.
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Негізі: Батыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің 01.11.2023ж. № 01-1/26331-вн ұсынысы, 22.09.2023 ж. қайтыс болу туралы хабарламасы.
Вице-министр А. Мұқанова