Лицензияның күшiн тоқтату туралы

№ 797 от 08.11.2023

«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы
1-тармағының 3)-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен Вера Николаевна Провотороваға нотариаттық қызметпен айналысу құқығына 2003 жылғы 12 қыркүйекте берілген № 0001624 мемлекеттік лицензиясының күші тоқтатылсын.

2. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаменті:

1) жекеше нотариус В.Н. Провоторованың мөрін жою ұйымдастырылсын;

2) нотариаттық палатамен бірге жекеше нотариус В.Н. Провоторованың іс жүргізуінде жатқан құжаттарын басқа нотариусқа беру бойынша шаралар қабылдасын.

3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын;

2) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiне аталған нотариустың лицензиясының күшін тоқтатылу туралы жазбаны енгізсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті директоры В.К. Калимоваға жүктелсін.

5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

Негізі: Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің 24.10.2023 ж. № 01-1/25530-вн хаты, Шығыс Қазақстан облысы нотариаттық палатаның 12.10.2023 ж. № 1086 ұсынысы, 18.09.2023 ж. қайтыс болуды мемлекеттік тіркеу туралы хабарлама.

 

 

Вице-министр                                                                       А. Мұқанова

Дата публикации
09 ноября 2023