Лицензияның күшiн тоқтату туралы

№ 789 от 06.11.2023 

«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы
1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен Леонид Валерьевич Громовқа нотариаттық қызметпен айналысу құқығына 2008 жылғы 29 сәуірде берілген № 0001221 мемлекеттік лицензиясының күші тоқтатылсын.

2. Астана қаласы Әділет департаменті:

1) осы бұйрықты жекеше нотариус Л.В. Громовтың назарына жеткізсін;

2) жекеше нотариус Л.В. Громовтың мөрін жою ұйымдастырылсын;

3) нотариаттық палатамен бірге жекеше нотариус Л.В. Громовтың іс жүргізуінде жатқан құжаттарын басқа нотариусқа беру бойынша шаралар қабылдасын.

3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын;

2) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiне аталған нотариустың лицензиясының күшін тоқтатылу туралы жазбаны енгізсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті директоры В.К. Калимоваға жүктелсін.

5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

Негізі: Астана қаласының азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотының 09.08.2023 жылғы шешімі, Астана қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2023 жылғы 18 қазандағы қаулысы.

 

 

Вице-министр                                                                   А. Мұқанова

Дата публикации
07 ноября 2023