«Digital Justice» (Цифрлық Әділет) жобасы аясында, нотариат, заңшығармашылық, заңды тұлғаларды тіркеу және т.б. салалар бойынша шаралар қабылдануда.
А.ж. 30 қаңтарында Bereke bank B-business мобильді қосымшасында «ЖШС тіркеу» қызметі іске асырылды.
А.ж. 1 наурызында, тұрғындардың қолтаңбаларын жинауды, кворумды, дауыстарды автоматты есептеуді, тіркеу үшін хаттаманы құруды көздейтін, меншік иелері бірлестіктерін электронды тіркеу іске асырылды.
А.ж. 11 сәуірінде ЦДИАӨМ бірлесіп, egov mobile қосымшасында «Цифрлық нотариат» жобасы іске қосылды.
А.ж. 3 ақпанында некені (ерлі-зайыптылықты) тіркеу Halyk Homebank мобильді қосымшасының платформасында іске асырылды.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасының мониторингі бойынша
4 аумақтық бөлімшенің қызметіне 4 тексеріс жүргізілді (Атырау, Қостанай, Павлодар, Маңғыстау облыстары Әділет департаменттері).
2023 жылдың басынан жіберілген бұзушылықтар анықталған жоқ.
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін сақтау мониторингі барысында, 1 көрсету мерзімінің, 1 көрсетуден бас тарту мерзімінің бұзылу фавктілері анықталды.
Тәртіптік жауапкершілікке 1 қызметкер тартылды.