Министрліктің қызметін цифрландыру және мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру бойынша

«Digital Justice» (цифрлық Әділет) бағдарламасы шеңберінде нотариатты, заң шығару процесін, мемлекеттік қызметтер саласын цифрландыру жөнінде шаралар қабылданды.

Келесі жобалар іске асырылды:

1. «Цифрлық нотариат». Жоба азаматтар тарапынан қосымша шығындарсыз нотариаттық қызметтерді онлайн форматқа ауыстыруды көздейді.

Ағымдағы жылдың сәуір айынан бастап азаматтарға бейнеқоңырау бойынша онлайн форматта сенімхаттар, ерлі-зайыптылардың келісімдері мен консультациялар алу мүмкіндігі ұсынылды (шамамен 18 мың цифрлық сенімхат ресімделді).

2. Меншік иелерінің бірлестіктерін (МИБ) цифрландыру (онлайн дауыс беру және МИБ тіркеу) - дауыс беру процесінен бастап тіркеуге дейінгі рәсім ҮйБасқару қосымшасында қолжетімді.

Ағымдағы жылдың наурыз айынан бастап қосымша арқылы  32 МИБ тіркелді, 200 бастамашыл топ жұмылдырылды.

3. МИБ төрағасын ауыстыру жөніндегі сервисі дауыс беру хаттамаларында қолдарды бұрмалауға байланысты алаяқтық әрекеттерді болдырмайды.

Жоба үйді басқарудағы процестерді оңтайландырады, қағаз құжат айналымын болдырмайды (ҮйБасқару қосымшасы).

4. Аттестаттау реинжинирингі - лицензияланатын қызметтің жетекшілік ететін түрлерінің процестері оңтайландырылды, комиссияның бетпе-бет әңгімелесуі онлайн форматта компьютерлік тестілеуге ауыстырылды (ситуациялық тапсырмаларды шешу).

2023 жылғы 29 мамырдан бастап 326 үміткер аттестатталды.

5. Е – заң көмегі - құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимыл жасау кезінде адвокаттар мен заң консультанттары қызметінің процестері автоматтандырылған.

6. Алимент төлеу шеңберінде кірістерді жасыруды анықтау бойынша SDU талдамалық кейс республика бөлінісінде мамандардың дипломдарын ескере отырып, осындай қызметкерлердің ұйымдағы (борышкер жұмыс істейтін) орташа жалақысы және борышкердің табысы туралы деректерге талдау жасалатын болады. Борышкердің әдеттен тыс төмен кірістері туралы фактілер тиісті тексеруді жүргізу үшін сигнал болады.

7. Halyk Homebank мобильді қосымшасында «Заңды тұлғалар жөнінде мәліметтер беру» сервисі, некені (ерлі-зайыптылықты) тіркеу қызметі, ЖШС басшысының өзгеруі туралы өтінішті беру мүмкіншілігі қамтамасыз етілді.

Bereke Bank «B-Business» және  Forte bank мобильді қосымшаларында «ЖШС тіркеу» қызметі іске асырылды.

«Үйді басқару» ЖШС мобильді қосымшасында «МИБ төрағасының ауысуы» сервисі қолжетімді болды.

Осылайша, Әділетминінің 53 мемлекеттік көрсетілетін қызметтерінен бүгінгі таңда 34 мемлекеттік қызметі мобильді қосымшаларға шығарылған (29 – eGov mobile мобильді қосымшасында, 5 – екінші деңгейдегі банктер).

Ағымдағы жылдың қаңтар айынан бастап eGov порталында азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер мен толықтырулар және түзетулер енгізу процесі және міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу қызметі толық автоматтандырылды.

Ағымдағы жылдың маусым айында бала туу бойынша мемлекеттік қызметтер кешенін проактивті нысанда көрсету жөніндегі пилоттық жоба іске қосылды.

Қызмет көрсету сапасының мониторингі бойынша

Әділет органдарының және құрылымдық бөлімшенің қызметіне 19 тексеріс жүргізілді (Астана, Шымкент қалалары, Алматы, Ақтөбе, Ақмола, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Жетісу, Қостанай, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар, Мағыстау,  Түркістан, Солтүстік Қазақстан, Ұлытау, Батыс Қазақстан облыстары Әділет департаменттері және Мәжбүрлеп орындау департаменті) (2022ж. 9 айы – 17). 

Мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартулар негізділігіне мониторингтер жүргізілді.

Ағымдағы жылдың басынан жіберілген бұзушылықтардың саны 12 құрады (мерзімнің бұзылуы – 1, бас тартуға негіз бола тұра қызметті көрсету – 1, бизнес процестің бұзылуы – 10) (2022ж. 9 айы – 180).

Тәртіптік жауапкершілікке 1 қызметкер тартылды (2022ж. – 18).

Дата публикации
04 ноября 2023