2023 жылдың бірінші жартыжылдығында зияткерлік меншік саласында анықталған бұзушылықтар бойынша Мониторинг

Әділет, ішкі істер, экономикалық тергеу және мемлекеттік кірістер органдарымен зияткерлік меншік құқықтарын қорғау жөнінде шаралар қабылдануда.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 7 желтоқсандағы
№ 44 Жарлығына сәйкес 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүргізілетін жоспардан тыс тексерулер жүргізу қайта басталды.

2023 жылы аумақтық әділет органдарымен 58 тексеру тағайындау туралы акт енгізілді. Жүргізілген тексерулер нәтижесінде 56 құқық бұзушылық анықталды
(2022 ж. - 1 құқық бұзушылық).

ӘҚБтК-нің 158-бабы бойынша 54 іс қозғалды (2022 ж. – 1 іс), әкімшілік жауапкершілікке 46 адам тартылды (2022 ж. – 1 тұлға). Сот қарауында  - 7 іс.

Айыппұлдардың жалпы сомасы 3 654 210 теңгені құрады (2022 ж. - 122 520 теңге).

Заңсыз айналымнан 23 705 255 теңге құрайтын 11 828 дана контрафактілік өнім тәркіленді (2022 ж. - 1 626 240 теңге).

Ішкі істер министрлігі өз құзыреті шегінде авторлық және сабақтас құқық бұзушылықтармен байланысты қылмыстарды анықтауға және жолын кесуге бағытталған кешенді міндеттерді жүзеге асырады.

2023 жылдың бірінші жартыжылдығында Қазақстан Республикасы  ҚК-нің
198-бабы (авторлық және сабақтас құқық бұзушылық) бойынша өндірісте  3 қылмыстық іс болды, оның ішінде  ағымдағы жылы тіркелгені – 3, құқық иеленушінің болмауына байланысты тоқтатылды.

Интернет желісінде көрсетілген бұзушылықтарды анықтауға ерекше назар аударылады. Жыл басынан бері 113 сайт анықталды, олар туралы ақпарат қазақстандық пайдаланушылардың қолжетімділігін бұғаттау үшін «Кибернадзор» жүйесі арқылы Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігіне жіберілді. Қазіргі уақытта
14 сайт бұғатталған, қалғандары қаралуда.

Мемлекеттік кірістер органдарының Зияткерлік меншік объектілерінің кедендік тізілімінде 2023 жылдың 1 шілдесі жағдай бойынша 8473 тауарлардың атауы бойынша 836 тауар белгісі (253 құқық иеленуші) бар.

Зияткерлік меншік объектілерінің кедендік тізілімі негізінде 2023 жылдың 6 айында аумақтық мемлекеттік кірістер органдары жалпы құны 18,4 млн. АҚШ долл. болатын зияткерлік меншік құқықтарының бұзылу белгілері бар 393 тауарға арналған декларациялар бойынша тауарларды шығару тоқтатылды.

Көрсетілген кезеңде мемлекеттік кірістер органдары құқық иеленушілердің өтініштері негізінде сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға қатысты тоқтатыла тұрған тауарларға арналған декларациялар бойынша «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 158-бабы бойынша 2 әкімшілік материал жасалды және сот 2466 килограмм тауарды тәркілеп, кейіннен жойып жіберді, сондай-ақ 103500 теңге айыппұл салынды.

Ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша қаржы мониторингі органдарының аумақтық бөлімшелері зияткерлік меншік объектілеріне құқықтарды бұзу фактілері бойынша 3 сотқа дейінгі тергеуді тіркеді (ҚР ҚК 198 – бабы-1 іс, ҚР ҚК 222-бабы-2 іс), оның ішінде 1 тоқтатылды және 2 іс жүргізуде.

Дата публикации
04 ноября 2023