Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі жеке кәсіпкерлік субъектілерін және өзге коммерциялық емес ұйымдарды аккредиттеуден өткізді

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін және өзге коммерциялық емес ұйымдарды аккредиттеуден өткізді.

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 127 бұйрығымен бекітілген Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктері мен өзге де коммерциялық емес ұйымдарды аккредиттеуден өткізу қағидалары, оның ішінде аккредиттеу туралы куәліктің нысаны, аккредиттеудің күшін жою негіздері мен тәртібіне сәйкес Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі жанындағы жеке кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңестің қызметі шеңберінде жеке кәсіпкерліктің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілердің жобаларына сараптама жүргізу құқығын тану үшін аккредиттеу туралы куәліктер:

1)   мерзімсіз негізде:

-     «Бәсекелестікті және тауарлар нарықтарының дамуы қауымдастығы» заңды тұлғалардың Қауымдастық нысандағы бірлестігіне.

2)   үш жыл мерзімге:

-     «Қазақстанның биржалық нарық қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігіне;

-     «Лига ювелиров Казахстана» заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің бірлестігіне;

-     «Жаңа Қазақстанның Салық төлеушілер қауымдастығы» қауымдастық нысанындағы жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың бірлестігіне;

-     «Қазақстан Электр энергетикалық қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігіне берілді.

Каз
Дата публикации
04 ноября 2023