№ 779 от 01.11.2023
Қазақстан Республикасы «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңының 44-бабы 3-тармағының 5)-тармақшасына сәйкес,
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 2021 жылдың
23 шілдедегі Адильжан Халиевич Абуовқа адвокаттық қызметпен айналысу құқығына берілген № 21023014 мемлекеттік лицензиясының қолданысын тоқтату.
2. Шымкент қаласының Әділет департаменті осы бұйрықты А.Абуовтың, Шымкент қаласының адвокаттар алқасы, сот және құқық қорғау органдарының назарына жеткізсін.
3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті:
1) адвокаттық қызметпен айналысуға берілген лицензиялардың Мемлекеттік тізіліміне тиісті жазба енгізсін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментының директоры В.К. Калимоваға жүктелсін.
5. Осы бұйрық оған қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Негізі: Шымкент қаласы Әділет департаментінің 2023 жылғы 28 қыркүйектегі ұсынысы.
Вице-министр А.Мұканова