Лицензиясынан айыру туралы

№ 772 от 30.10.2023

«Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 144-бабын және «Әділет органдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 21-1-бабы 2) тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігімен Алмас Тлешович Калжановқа жеке сот орындаушысының қызметімен айналысуға берілген 2015 жылғы 23 қарашадағы №2315 мемлекеттік лицензиясынан айырылсын.

2. Алматы қаласы Әділет департаменті Жеке сот орындаушыларының республикалық палатасымен бірге:

1)  осы бұйрықпен жеке сот орындаушысы таныстырылсын;

2) жеке сот орындаушысының iс жүргiзуiн, мұрағатын, ағымдағы шотының қаражатын басқа жеке сот орындаушысына тапсыру жөнiнде шаралар қабылдасын;

3)  жеке сот орындаушысы ретінде жеке мөрін жойсын;

4) жеке сот орындаушысы ретінде Қазақстан Республикасы атқарушылық іс жүргізу органдарының автоматтандырылған ақпараттық жүйесіндегі есептік жазбасын жою бойынша шаралар қабылдасын;

5) жеке сот орындаушысы ретінде iс жүргiзуi, мұрағаты, ағымдағы шотының қаражаты жеке сот орындаушыларының өңiрлiк палатасына тапсырылған соң аталған жеке сот орындаушысын есептік тіркеуден алсын.

3. Алматы қаласы Әділет департаменті жеке сот орындаушысының өндіріп алушылардың пайдасына өндіріп алынған сомаларды сақтауға арналған ағымдағы шоты бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру жөніндегі шаралар қабылдасын.

4. Мәжбүрлеп орындау департаменті мемлекеттік лицензия тізіліміне жеке сот орындаушысының қызметімен айналысу құқығына берілген лицензиясынан айыру туралы жазбаны енгізсін.

5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Мәжбүрлеп орындау департаментіне жүктелсін (А. Тленчиев).

6. Осы бұйрық қол қойылған кезден бастап қолданысқа енгізіледі.

Негізі: Алматы қаласының Бостандық аудандық сотының 2023 жылғы 08 маусымындағы шешімі, Алматы қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының  2023 жылғы 4 қазанындағы қаулысы.

 

 

Қазақстан Республикасының

Әділет вице-министрі                                                                      А.Муканова

Дата публикации
31 октября 2023