Лицензияның қолданысын тоқтата тұру туралы

№ 773 от 30.10.2023

Қазақстан Республикасы «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңының 43-бабы 3-тармағының 2)-тармақшасына сәйкес,

БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 2021 жылдың
25 тамыздағы Оразкожа Курбановқа адвокаттық қызметпен айналысу құқығына берілген № 21024946 мемлекеттік лицензиясының қолданысы үкім заңды күшіне енгенге дейін тоқтатыла тұрсын.

2. Қызылорда облысының Әділет департаменті осы бұйрықты О.Курбановтың, Қызылорда облысының адвокаттар алқасы, сот және құқық қорғау органдарының назарына жеткізсін.

3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті:

1) адвокаттық қызметпен айналысуға берілген лицензиялардың  Мемлекеттік тізіліміне тиісті жазба енгізсін;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментының директоры В.К. Калимоваға жүктелсін.

5. Осы бұйрық оған қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

Негізі: Қызылорда облысы Әділет департаментінің  2023 жылғы 26 қыркүйектегі ұсынысы.

 

 

Вице-министр                                                            А.Мұканова

Дата публикации
31 октября 2023