Лицензияның күшiн тоқтату туралы

№ 762 от 26.10.2023

«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы
1-тармағының 3)-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен Асқар Аубакирович Араловқа нотариаттық қызметпен айналысу құқығына 2012 жылғы 25 қазанда берілген № 12014634 мемлекеттік лицензиясының күші тоқтатылсын.

2. Алматы қаласы Әділет департаменті:

1) жекеше нотариус А.А. Араловтың мөрін жою ұйымдастырылсын;

2) нотариаттық палатамен бірге жекеше нотариус А.А. Араловтың іс жүргізуінде жатқан құжаттарын басқа нотариусқа беру бойынша шаралар қабылдасын.

3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын;

2) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiне аталған нотариустың лицензиясының күшін тоқтатылу туралы жазбаны енгізсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті директоры В.К. Калимоваға жүктелсін.

5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

Негізі: Алматы қаласы Әділет департаментінің 06.10.2023ж. № 07-15/6107-И ұсынысы, 18.07.2023 ж. қайтыс болу туралы хабарламасы.

 

 

Вице-министр                                                                       А. Мұқанова

Дата публикации
30 октября 2023