Лицензияның қолданысын тоқтата тұру туралы

№ 756 от 20.10.2023

Қазақстан Республикасы «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңының 43-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 2002 жылдың
01 наурызында Бахытжан Магзумович Нурмагамбетовке адвокаттық қызметпен айналысу құқығына берілген № 0003571 мемлекеттік лицензиясының қолданысы 2026 жылдың 20 қазанына дейін тоқтатыла тұрсын.

2. Ақмола облысының Әділет департаменті осы бұйрықты Б.М. Нурмаганбетовтың, Ақмола облысының адвокаттар алқасы, сот және құқық қорғау органдарының назарына жеткізсін.

3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:

1) адвокаттық қызметпен айналысуға берілген лицензиялардың  Мемлекеттік тізіліміне тиісті жазба енгізсін;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментының директоры В.К. Калимоваға жүктелсін.

5. Осы бұйрық оған қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

Негізі: Ақмола облыстық адвокаттар алқасының 11.10.2023 жылғы шығ. № 322 өтінішхаты, Б.М. Нурмагамбетовтың өтініші.

 

 

Вице-министр                                                                               А.Мұканова

Дата публикации
30 октября 2023