№ 747 от 20.10.2023
«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 2-1-тармағының 3)-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен Бектуреева Галия Айнабековнаға нотариаттық қызметпен айналысу құқығына 2004 жылғы 09 желтоқсанындағы берілген № 0002031 мемлекеттік лицензиясының қолданысы 2026 жылдың 01 қазанына дейін тоқтатыла тұрсын.
2. Астаны қаласы Әділет департаменті:
1) осы бұйрықты жекеше нотариус Г.А. Бектурееваның назарына жеткізсін;
2) лицензияның қолданысын тоқтата тұру кезеңінде лицензиаттың мөрін уақытша сақтауға алсын;
3) нотариаттық палатамен бірге жекеше нотариус Г.А. Бектурееваның іс жүргізуінде жатқан құжаттарын басқа нотариусқа беру бойынша шаралар қабылдасын.
3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын;
2) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiне аталған нотариустың лицензиясының қолданысын тоқтата тұру туралы жазбаны енгізсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті директоры В.К. Калимоваға жүктелсін.
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Негізі: Астана қаласы Әділет департаментінің 11.10.2023 жылғы № 2-1/23630-вн ұсынысы, 06.10.2023 жылғы нотариустың арызы.
Вице-министр А. Мұқанова