Лицензияның қолданысын тоқтата тұру туралы

№ 765 от 26.10.2023

Қазақстан Республикасы «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңының 43-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес,

БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 2017 жылдың
11 шілдсінде Аслан Сергеевич Тукпановқа адвокаттық қызметпен айналысу құқығына берілген № 17012521 мемлекеттік лицензиясының қолданысы 2028 жылдың 29 қыркүйегіне дейін тоқтатыла тұрсын.

2. Атырау облысының Әділет департаменті осы бұйрықты А.С.Тукпановтың, Атырау облысының адвокаттар алқасы, сот және құқық қорғау органдарының назарына жеткізсін.

3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті:

1) адвокаттық қызметпен айналысуға берілген лицензиялардың  Мемлекеттік тізіліміне тиісті жазба енгізсін;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментының директоры В.К. Калимоваға жүктелсін.

5. Осы бұйрық оған қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

Негізі: Атырау облысы Адвокаттар алқасының өтінішхаты 09.10.2023 жылғы ұсынысы.

 

 

Вице-министр                                                            А.Мұканова

Дата публикации
27 октября 2023