Лицензияның қолданысын тоқтата тұру туралы

№ 764 от 26.10.2023

Қазақстан Республикасы «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңының 43-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес,

БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 1999 жылдың
17 наурызда Нурлан Еркинович Жанабиловке адвокаттық қызметпен айналысу құқығына берілген № 0002527 мемлекеттік лицензиясының қолданысы 2024 жылдың 21 қыркүйегіне дейін тоқтатыла тұрсын.

2. Акмола облысының Әділет департаменті осы бұйрықты Н.Е.Жанабиловтың, Ақмола облысының адвокаттар алқасы, сот және құқық қорғау органдарының назарына жеткізсін.

3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті:

1) адвокаттық қызметпен айналысуға берілген лицензиялардың  Мемлекеттік тізіліміне тиісті жазба енгізсін;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментының директоры В.К. Калимоваға жүктелсін.

5. Осы бұйрық оған қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

Негізі: Ақмола облысы Әділет департементінің 28.09.2023 жылғы ұсынысы.

 

 

Вице-министр                                                            А.Мұканова

Дата публикации
27 октября 2023