№ 763 от 26.10.2023
Қазақстан Республикасы «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңының 43-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес,
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 2006 жылдың
23 ақпанында Арлан Ермекбаевич Косжановқа адвокаттық қызметпен айналысу құқығына берілген № 0000536 мемлекеттік лицензиясының қолданысы 2026 жылдың 9 қазанына дейін тоқтатыла тұрсын.
2. Акмола облысының Әділет департаменті осы бұйрықты А.Е.Косжановтың, Ақмола облысының адвокаттар алқасы, сот және құқық қорғау органдарының назарына жеткізсін.
3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті:
1) адвокаттық қызметпен айналысуға берілген лицензиялардың Мемлекеттік тізіліміне тиісті жазба енгізсін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментының директоры В.К. Калимоваға жүктелсін.
5. Осы бұйрық оған қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Негізі: Ақмола облысы Әділет департементінің 03.10.2023 жылғы ұсынысы.
Вице-министр А.Мұканова