№ 743 от 19.10.2023
«Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 144-бабын және «Әділет органдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 21-1-бабы 2) тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:
1. «Лицензиясынан айыру туралы» Қазақстан Республикасы Әділет вице-министрінің 2023 жылғы 21 сәуірдегі № 253 бұйрығының күші жойылсын.
2. Осы бұйрық қол қойылған кезден бастап қолданысқа енгізіледі.
Негізі: Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының азаматтық істер бойынша алқасының 2023 жылғы 20 қыркүйектегі қаулысы (Алматы облыстық сотының 2022 жылғы 14 желтоқсандағы қаулысының күші жойылды).
Қазақстан Республикасының
Әділет вице-министрі Д. Ваисов