№ 722 от 10.10.2023
Қазақстан Республикасы «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңының 43-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 2014 жылдың
17 сәуіріндегі Олжас Маралұлы Еслямбекке адвокаттық қызметпен айналысу құқығына берілген №14005227 мемлекеттік лицензиясының қолданысы 2025 жылдың 02 қазанына дейін тоқтатыла тұрсын.
2. Ақмола облысының Әділет департаменті осы бұйрықты
О.М. Еслямбекке, Ақмола облыстық адвокаттар алқасы, сот және құқық қорғау органдарының назарына жеткізсін.
3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:
1) адвокаттық қызметпен айналысуға берілген лицензиялардың Мемлекеттік тізіліміне тиісті жазба енгізсін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің директоры В.К. Калимоваға жүктелсін.
5. Осы бұйрық оған қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Негізі:Ақмола облысының Әділет департаментінің ұсынысы, О.М. Еслямбектің өтініші.
Вице-министр А. Муканова