Тақырып: «Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет және туристік сақтандыру саласындағы сұрақтар мен жауаптар»

1. Туристік қызметті жүзеге асыру үшін лицензия алу қажет пе?

«Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес: шығу туризмі саласындағы туроператорлық қызмет лицензияланатын қызметтің кіші түрі болып табылады; келу туризмі мен ішкі туризм саласындағы туроператорлық қызмет лицензияланатын қызметтің кіші түрі болып табылады; турагенттік қызмет, сондай-ақ Қазақстан Республикасында дара кәсіпкерлер ретінде қызметін жүзеге асыратын гидтердің, экскурсоводтардың және туризм нұсқаушыларының қызметі хабарлама жасау тәртібімен жүзеге асырылады.

Туроператорлық қызметке арналған лицензияның қолданысын тоқтата тұру немесе тоқтату, бұрын жасалған шарттардан туындайтын міндеттемелерді қоспағанда, туристік қызметтер көрсетуге тыйым салуға алып келеді.

Туроператорлық қызметке арналған лицензияның қолданысын тоқтата тұру, туроператорлық қызметке арналған лицензияның қолданысын тоқтату Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.

Туроператор туристерге туристік өнімге кіретін барлық көрсетілетін қызметтерді дербес өзі немесе туроператор туристер алдындағы өз міндеттемелерінің бір бөлігін немесе барлығын орындауды жүктейтін үшінші тұлғаларды тарта отырып көрсетуді қамтамасыз етеді.

Шығу туризмі саласындағы туроператор туристік өнімді ұсынуды және өткізуді тек қана турагенттер арқылы жүзеге асырады. Турагент шығу туризмі саласындағы туроператор қалыптастырған туристік өнімді өткізу кезінде туристік ваучер беруге міндетті.

Қазақстан Республикасының бейрезиденті қалыптастырған туристік өнім шығу туризмі саласындағы туроператордың туристік өніміне енгізу арқылы ұсынылады және осы Заңға сәйкес өткізіледі (Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» 2001 жылғы 13 маусымдағы №211 Заңы. 15-б. 2-т.).

2. Туристік қызметтер қандай негізде көрсетіледі?

Туристік қызметтер көрсету шарт негізінде жүзеге асырылады. Туристік қызмет көрсету шарты, гидпен және экскурсоводпен жасалатын шарттарды қоспағанда, жазбаша нысанда жасалады және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес болуға тиіс.

Туристік қызмет көрсету шартының елеулі талаптары уәкілетті орган бекіткен туристік қызмет көрсетуге арналған үлгілік шартта белгіленеді (Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» 2001 жылғы 13 маусымдағы №211 Заңы. 17-б. 1-т.).

3. Туристік қызмет көрсету шартын өзгерту мүмкін бе?

Шартты жасасу кезiнде басшылыққа алынған мән-жайдың елеулi түрде өзгеруiне байланысты тараптардың әрқайсысы шартты өзгертудi немесе бұзуды талап етуге құқылы.

Мән-жайлардың елеулi түрде өзгеруiне мыналар жатады:

1) саяхат жағдайларының нашарлауы, саяхат мерзiмiнiң өзгеруi;

2) көлiк тарифтерiнiң ойламаған жерден өсуi;

3) салықтар мен алымдардың және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң жаңа ставкаларын енгiзу немесе олардың қолданыстағы ставкаларының артуы;

4) тараптардың келiсiмi бойынша белгiленетiн өзге де негiздер (Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» 2001 жылғы 13 маусымдағы №211 Заңы. 17-б. 3,4-т.).

4. Турист болып баратын елдегі қауіптер туралы хабардар бола ма?

Уәкiлеттi орган туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды және туристердi уақытша болатын елдегi (жердегi) ықтимал қауiптер туралы хабардар етедi.

Туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар туристерге саяхат басталудан үш күн бұрын жазбаша түрде уақытша болатын елге (жерге) бару, уақытша болған елден (жерден) шығу және сонда болу ережелері туралы, заңнамасы туралы, жергілікті халықтың салт-дәстүрлері туралы, діни әдет-ғұрпы, қасиетті орындар, табиғи, тарихи, мәдени ескерткіштер және туристерге көрсетілетін, ерекше қорғаудағы басқа да объектілер, қоршаған ортаның жай-күйі туралы, сондай-ақ саяхат жасаған кезде тап болуы мүмкін қауіптер туралы қажетті және дұрыс ақпаратты қамтитын саяхаттың ерекшеліктері туралы мәліметтер беруге және туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған алдын алу шараларын жүзеге асыруға міндетті (Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» 2001 жылғы 13 маусымдағы №211 Заңы. 26-б. 3,4-т.).

5. Турист саяхат басталғанға дейін туристік қызмет көрсету шартын орындаудан бас тарта ала ма?

Турист вправе отказаться от исполнения договора до начала путешествия при условии оплаты лицу, осуществляющему туристскую деятельность, фактически понесенных им расходов за услуги, оказанные до уведомления об отказе от исполнения договора (Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» 2001 жылғы 13 маусымдағы №211 Заңы. 17-б. 6-т.).

6. Туристің қандай құқықтары мен міндеттері бар?

Транзитті қоса алғанда, саяхатқа әзірленген, саяхат жасаған кезде туристiң:

1) өзiнiң жеке басына немесе мүлкiнiң қауiпсiздiгiне қол сұғылған жағдайда консулдық, дипломатиялық, өзге де мемлекеттiк, сондай-ақ туристiк өкiлдiктерге өтiнiшпен жүгiнуге;

2) уақытша болатын елге (жерге) бару, сондай-ақ уақытша болған елден (жерден) шығу және сонда болу ережелерi туралы, уақытша болатын ел (жер) заңнамасының ерекшеліктері туралы, жергiлiктi халықтың әдет-ғұрпы туралы, дiни салт, қасиеттi орындар, табиғи, тарихи, мәдени ескерткiштер және туристерге көрсетiлетiн, ерекше қорғаудағы басқа да объектiлер, қоршаған ортаның жай-күйi туралы қажеттi және дұрыс ақпарат алуға;

3) еркiн жүрiп-тұруға, уақытша болатын елде (жерде) қабылданған шектеу шараларын ескере отырып, туристiк ресурстарға еркiн қол жеткiзуге;

4) туристік қызметті жүзеге асыратын тұлға туристiк қызмет көрсету шартын орындамаған жағдайда келтiрiлген залал мен моральдық зиянның Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен өтелуiне;

5) шұғыл медициналық жәрдем алуға;

6) шетелдік туристердiң құқықтық көмек және көмектiң өзге де түрiн алуына Қазақстан Республикасының мемлекеттiк билiк органдарының жәрдемдесуiне;

7) туристердiң қолда бар байланыс құралдарына кедергiсiз қол жеткiзуiне құқығы бар.

Туристердiң өзге құқықтары болатын елдiң (жердiң) заңдарымен айқындалады

Саяхат жасаған кезде, транзиттi қоса алғанда, турист:

1) уақытша болатын елдiң (жердiң) заңдарын сақтауға;

2) уақытша болатын елдегi (жердегi) қоршаған ортаны сақтауға, табиғи, тарихи және мәдени ескерткiштерге ұқыпты қарауға;

3) уақытша болатын елге (жерге) келу және онда болу, сондай-ақ уақытша болатын елден (жерден) кету ережелерiн және транзиттiк жүрiп өтетiн елдердегi ережелердi сақтауға;

4) саяхат кезiнде жеке өзiнiң қауiпсiздiгi ережелерiн сақтауға мiндеттi.

Туристiң өзге мiндеттерi болатын елдiң (жердiң) заңдарымен айқындалады (Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» 2001 жылғы 13 маусымдағы №211 Заңы. 24,25-б.).

7. ҚР сыртындағы туристердің қауіпсіздігі қамтамасыз етіле ме?

 Қазақстан Республикасының аумағында туристердiң қауiпсiздiгiне Қазақстан Республикасы кепiлдiк бередi. Қазақстан Республикасы Қазақстан Республикасының турист-азаматтарына оның шегiнен тыс жерлерде қорғау және оларға қамқорлық жасау кепiлдiгiн бередi (Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» 2001 жылғы 13 маусымдағы №211 Заңы. 26-б. 1-т.).

8. Туристі міндетті сақтандыру шартын жасау міндетті ме?

Шығу туризмі саласындағы туроператор шығу туризмі саласындағы туроператорлық қызметті жүзеге асыру кезінде шетелге шығатын әрбір туриске қатысты туристі міндетті сақтандыру шартын жасасуға міндетті  (Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» 2001 жылғы 13 маусымдағы №211 Заңы. 15-б. 1-т.).

9. Туристті міндетті сақтандыру кіммен жүзеге асырылады?

 Сақтандырылушының мүліктік мүдделерін міндетті сақтандыруды шығу туризмі саласындағы туроператор жүзеге асырады (Қазақстан Республикасының «Туристі мiндеттi сақтандыру туралы» 2003 жылғы 31 желтоқсандағы №513 Заңы. 6-б.).

10. Туристі міндетті сақтандыру шарты қалай жасалады?

Туристі мiндеттi сақтандыру шарты бойынша сақтанушы сақтандыру сыйлықақысын төлеуге, ал сақтандырушы сақтандыру жағдайы басталған кезде осы Заңның талаптарын ескере отырып жасалған сақтандыру шартының негiзiнде, моральдық зиянды және ала алмаған пайданы өтеуге байланысты талаптарды қоспағанда, сақтандырылушыға (пайда алушыға) сақтандыру төлемiн жүзеге асыруға, сондай-ақ тұрақсыздық айыбын төлеуге мiндеттенедi.

Туристі мiндеттi сақтандыру шарты сақтандырушының сақтанушыға электрондық нысанда сақтандыру полисiн және сақтандыру сертификатын ресімдеуі арқылы жасалады.

Сақтанушы туристі міндетті сақтандыру шартын жасасқан кезде уақытша болатын елге (жерге) және туристік қызмет көрсету шартында көрсетілген саяхат күндерінің санына қарай осы Заңға қосымшада көзделген сақтандыру бағдарламаларының бірін таңдайды, ол бойынша сақтандырушы жауапкершілігінің шекті көлемі (сақтандыру сомасы) және өтеуге жататын шығыстардың түрлері туристің өмірі мен денсаулығын сақтандыру бөлігінде халықаралық шарттардың және сақтандырылушы уақытша болатын ел (жер) заңнамасының талаптарына сәйкес келеді.

Сақтандыру сыйлықақысын есептеу және сақтанушыны, сақтандырылушыны сәйкестендіру үшін қажетті деректер қамтылатын сақтанушының өтiнiшi туристі мiндеттi сақтандыру шартын жасасу үшiн негiз болып табылады.

Туристі мiндеттi сақтандыру шартында көрсетiлуге жататын талаптардың толық болмағаны үшiн сақтандырушы жауапты болады. Сақтандыру шарты бойынша оның жекелеген талаптарының толық болмауы салдарынан дау туындаған жағдайда, дау сақтанушының пайдасына шешiледi.

Сақтанушы тек қана турагент арқылы:

әрбір сақтандырылушыға сақтандыру сертификатын беруге;

сақтандырылушының талап етуі бойынша сақтандыру полисін ұсынуға міндетті (Қазақстан Республикасының «Туристі мiндеттi сақтандыру туралы» 2003 жылғы 31 желтоқсандағы №513 Заңы. 8-б. 4,5-т.).

11. Туристі міндетті сақтандыру шартының қолданылу мерзімі қандай?

Туристі міндетті сақтандыру шартының қолданылу мерзімі туристік қызмет көрсетуге арналған шартта айқындалған сапар мерзімінен кем болмайды. Туристі міндетті сақтандыру шарты сақтандырылушы сақтандыру аумағынан шыққан кезде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өткен кезге дейін, бірақ турист рейстің кідіру себебінен шетелде қосымша мерзімге болған жағдайды қоспағанда, туристі міндетті сақтандыру шартында көрсетілген сақтандыру мерзімі аяқталған күннен кешіктірілмей қолданылады.

Туристі міндетті сақтандыру шарты бірінші басталған сақтандыру жағдайы бойынша өз қолданысын тоқтатпайды.

Сақтандырылушы Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде болған және туристік қызмет көрсетуге арналған шарт бойынша саяхат күндерінің саны көбейген кезде сақтанушы сақтандырылушының уақытша болатын елде (жерде) қосымша болу күндеріне туристі міндетті сақтандырудың жаңа шартын жасасады (Қазақстан Республикасының «Туристі мiндеттi сақтандыру туралы» 2003 жылғы 31 желтоқсандағы №513 Заңы. 9-б. 2-т.).

12. Сақтандыру сыйлықақысын төлеу тәртібі қандай?

Сақтандыру сыйлықақысын сақтанушы біржолғы төлеммен төлейді.

Сақтандырушы сақтандыру сыйлықақысын сақтандырушының интернет-ресурсы арқылы қолма-қол ақшасыз тәсілмен төлеу мүмкіндігін береді (Қазақстан Республикасының «Туристі мiндеттi сақтандыру туралы» 2003 жылғы 31 желтоқсандағы №513 Заңы. 16-б.).

13. Сақтандыру жағдайы дегеніміз не және сақтандыру төлемінің мөлшері қандай?

Туристі міндетті сақтандыру шарты күшіне енгеннен кейін басталған мынадай оқиғалар:

1) сақтандыру аумағында болған, сақтандырылушының қайтыс болуына не оның денсаулығына зиян келтіруге алып келген жазатайым оқиға сақтандыру жағдайы деп танылады.

Жазатайым оқиға деп сақтандырылушыға қатысты аяқ астынан, күтпеген жерден орын алған, қасақана болмаған сыртқы оқиға немесе әсер ету түсініледі;

2) денсаулығына елеулі зиянды болғызбау немесе өміріне төнген қауіпті жою үшін сақтандырылушыға шұғыл және кезек күттірмейтін медициналық көмек көрсетуді талап ететін, кенеттен қатты ауыру, денсаулық жағдайының күрт нашарлауы және (немесе) созылмалы ауруының асқынуы сақтандыру жағдайы деп танылады.

Сақтандырушы сақтандыру төлемінің мөлшерін сақтандырылушының іс жүзіндегі шығыстарының сомасын негізге ала отырып, сақтандырылушы не ассистанс компания ұсынған, осы шығыстарды растайтын құжаттар негізінде айқындайды (Қазақстан Республикасының «Туристі мiндеттi сақтандыру туралы» 2003 жылғы 31 желтоқсандағы №513 Заңы. 17-б.).

14. Туристерге саяхаттың ерекшеліктері туралы ақпарат ұсынылмаған жағдайда қандай жауапкершілік көзделеді?

Туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың туристерге туристік қызметтер ұсыну қағидаларында көрсетілген, саяхаттың ерекшеліктері, саяхат жасаған кезде оларға тап болуы мүмкін қауіптер туралы мәліметтерді ұсынбау, уақтылы немесе толық ұсынбау не туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған алдын алу шараларын жүзеге асырмауы – шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – он жеті, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма бес, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады (Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі №235-V Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексі 187-б. 1-б.).

15. Жазбаша шарт жасаспай туристік қызмет көрсету үшін жауапкершілік қарастырылған ба?

Туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың туристік қызмет көрсетуге жазбаша шарт жасаспай туристік қызметтерді көрсетуі –лицензиясының қолданылуын тоқтата тұрып, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – он жеті, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма бес, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады (Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі №235-V Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексі 187-б. 2-б.)

Дата публикации
13 октября 2023