«Нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, келісу және мемлекеттік тіркеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушысының 2023 жылғы 5 шiлдедегi № 464 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

                                                                       

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, келісу және мемлекеттік тіркеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушысының 2023 жылғы 5 шiлдедегi № 464 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33048 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

59-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«59. Нормативтік құқықтық актінің жобасына оның мағыналық мазмұнының өзгеруіне әкеп соғатын түзетулер енгізілген жағдайда, әзірлеуші мемлекеттік орган ескертулерсіз келісу туралы жауап алу мақсатында жобаны қайта келісуді жүргізеді.

Әділет органдарынан ескертулерсіз келісу алынғаннан кейін нормативтік құқықтық актінің жобасы түпкілікті келісілген болып есептеледі және әділет органдары келіскен күннен кейін он жұмыс күн ішінде бекітілуге жатады.».

2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу департаменті осы бұйрықты заңнамада бекітілген тәртіппен мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Әділет вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Министр

 

А. Есқараев

ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА
Дата публикации
13 октября 2023