Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасын ішкі мемлекеттік бақылау бойынша 2023 жылғы
3-тоқсанының есебі
Мемлекеттік қызметтер Тізіліміне сәйкес Әділет министрлігіне (бұдан әрі – Министрлік) 53 мемлекеттік қызмет бекітілген.
Оның ішінде электронды форматта - 28, электронды-қағаз түрінде – 25.
53 мемлекеттік қызметтің ішінен әділет органдары 32 түрін, «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ 28 түрін көрсетеді.
Бақылау іс-шараларына қатысты
Министрліктің мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнамасын сақтау нысанына бақылау шараларын өткізу бойынша 2023 жылға арналған жұмыс жоспарын орындау мақсатында, 2023 жылғы 3-тоқсанында 10 тексеріс жүргізілді (Астана қ., Ақмола, Алматы, Жамбыл, Жетісу, Қарағанды, Қызылорда, Ұлытау, Батыс Қазақстан облыстары Әділет департаменттері және Мәжбүрлеп орындау департаменті).
А.ж. шілде айында рұқсаттама құжаттарын беруден бас тартудың негізділігіне мониторинг жүргізілді.
2023 жылдың басынан жіберілген бұзушылықтардың саны 10 құрады (бизнес процестердің бұзылуы – 7, өзге бұзушылықтар – 3).
Мемлекеттік қызмет алушы тарапынан дәлелін тапқан шағымдар және олар бойынша қабылданған шараларға қатысты
Бөлімшелердің мәліметтеріне сәйкес, есепті кезенде мемлекеттік қызмет көрсету сапасына дәлелін тапқан шағымдар түскен жоқ.
Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуларға қатысты
2023 жылдың 3-тоқсанында (есеп нысанына сәйкес) 1031 жеке және 35 заңды тұлғаларға мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартылды, олардың ішінде электрондық түрде жеке тұлғаларға – 1009, заңды тұлғаларға – 0, қағаз жүзінде жеке тұлғаларға – 22, заңды тұлғаларға – 35 бас тартулар.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы қызметалушыларды ақпараттандыру бойынша түсіндіру жұмыстарына қатысты
Есепті кезеңде әділет органдарымен 1 792 385 адам санын қамтитын 660 түсіндіру жұмыстары өткізілді.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өткен тұлғаларға қатысты
2023 жылдың 3-тоқсанында мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша біліктілікті арттыру курстарынан 23 әділет органдарының қызметкерлері өтті.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мерзімдерін бұзу бойынша
2023 жылдың 3-тоқсанында мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдері бұзылудың 2 фактісі тіркелді.
«Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға лицензия беру» қызметі бойынша А.А. Жумадиловтің өтініші және «Патенттік сенім білдірілген өкіл қызметімен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу» қызметі бойынша Б.С. Иманбаевтің өтініші.
Министрліктің басқарма басшысы М. Мухашеваға қатысты Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі тарапынан әкімшілік хаттама толтырылды.
Сондай-ақ, алдағы уақытта мемлекеттік қызмет көрсету мерзімін бұзудың өзге анықталған фактілері бойынша есепке өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін болады.
_______________________________________________________