Лицензияның қолданысын тоқтата тұру туралы

№ 721 от 06.10.2023

Қазақстан Республикасы «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңының 43-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 2003 жылдың
23 желтоқсанында Қадыржан Рысмұханқызы Баймухановаға адвокаттық қызметпен айналысу құқығына берілген № 0005260 мемлекеттік лицензиясының қолданысы 2024 жылдың 01 қаңтарына дейін тоқтатыла тұрсын.

2. Акмола облысының Әділет департаменті осы бұйрықты Қ.Р.Баймуханованың, Ақмола облысының адвокаттар алқасы, сот және құқық қорғау органдарының назарына жеткізсін.

3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:

1) адвокаттық қызметпен айналысуға берілген лицензиялардың  Мемлекеттік тізіліміне тиісті жазба енгізсін;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментының директоры В.К. Калимоваға жүктелсін.

5. Осы бұйрық оған қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

Негізі: Ақмола облысының Әділет департаментінің 22.09.2023 жылғы ұсынысы, Қ.Р.Баймуханованың өтініші.

 

 

Вице-министр                                                                               А.Мұканова

Дата публикации
10 октября 2023