«Әділет органдарында мемлекеттік тіркеуге жатпайтын нормативтік құқықтық актілердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2023 жылғы 26 маусымдағы № 408 бұйрығына толықтыру енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Әділет органдарында мемлекеттік тіркеуге жатпайтын нормативтік құқықтық актілердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2023 жылғы 26 маусымдағы № 408 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32893 болып тіркелген) мынадай толықтыру енгізілсін:

Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әділет органдарында мемлекеттік тіркеуге жатпайтын нормативтік құқықтық актілердің тізбесі мынадай мазмұндағы 19-тармақпен толықтырылсын:

«19. Кәсіптік стандарттарын және бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамаларын және жұмысшылардың кәсіптерін бекіту туралы нормативтік құқықтық актілер.».

2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу департаменті осы бұйрықты заңнамада бекітілген тәртіппен мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Әділет вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Әділет министрі                                                                                       А. Есқараев

Сравнительная таблица каз
Дата публикации
06 октября 2023