Лицензияның қолданысын тоқтата тұру туралы

№ 709 от 04.10.2023

«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 2-тармағының 8)-тармақшаларына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен Ерсаин Каирбекович Рахметуллинге нотариаттық қызметпен айналысу құқығына 2018 жылғы 12 маусымда берілген № 18011700 мемлекеттік лицензиясының қолданысы үш ай мерзімге тоқтатыла тұрсын.

2. Астана қаласы Әділет департаменті:

1) осы бұйрықты жекеше нотариус Е.К. Рахметуллиннің назарына жеткізсін;

2) лицензияның қолданысын тоқтата тұру кезеңінде лицензиаттың мөрін уақытша сақтауға алсын;

3) нотариаттық палатамен бірге жекеше нотариус Е.К. Рахметуллиннің іс жүргізуінде жатқан құжаттарын басқа нотариусқа беру бойынша шаралар қабылдасын.

3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын;

2) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiне аталған нотариустың лицензиясының қолданысын тоқтата тұру туралы жазбаны енгізсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департамент директоры В.К. Калимоваға жүктелсін.

5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

Негізі: Астана қаласы Әділет департаментінің 08.09.2023 жылғы № 1-05/8032-И ұсынысы.

 

 

Вице-министр                                                                       А. Мұқанова

Дата публикации
04 октября 2023