№ 704 от 02.10.2023
Қазақстан Республикасының «Нотариат туралы» Заңының 10-бабы 3-1- тармағына, «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Заңының 45-бабы 7-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 2014 жылғы 06 тамызда Динара Оразимбековна Багисоваға нотариаттық қызметпен айналысу құқығына берілген № 14011233 мемлекеттік лицензиясының қолданысы қайта басталсын.
2. Ақмола облысы Әділет департаменті осы бұйрықты жекеше нотариус Д.О. Багисованың назарына жеткізсін.
3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiне аталған нотариустың лицензиясының қолданысын қайта бастау туралы жазбаны енгізсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департамент директоры В.К. Калимоваға жүктелсін.
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Негізі: Ақмола облысы Әділет департаментінің 2023 жылғы 27 қыркүйектегі № 06-18/11461 ұсынысы, Д.О. Багисованың 25.09.2023ж. арызы.
Вице-министр А. Мұқанова