«Әділет органдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы
2-тармағының 3) тармақшасына, «Кәсіптік біліктілік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес құрамда Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі жанындағы зияткерлік меншік саласындағы Кәсіптік біліктілік жөніндегі салалық кеңестің (бұдан әрі – Салалық кеңес) құрамы құрылсын.
2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі жанындағы зияткерлік меншік саласындағы кәсіптік біліктілік жөніндегі салалық кеңес туралы ереже (бұдан әрі – Ереже) бекітілсін.
3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы департаменті Салалық кеңестің қызметін қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін
Қазақстан Республикасының Әділет вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
|
Министр |
|
А.Н. Есқараев |