Лицензияның қолданысын тоқтата тұру туралы

№ 690 от 28.09.2023 

«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 2-1-тармағының 3)-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен Наталья Валентиновна Ковалёваның нотариаттық қызметпен айналысу құқығына 2004 жылғы 9 қыркүйекте берілген № 0002039 мемлекеттік лицензиясының қолданысы 2023 жылдың 1 қазанынан 2024 жылдың 31 мамырына дейін тоқтатыла тұрсын.

2. Абай облысының Әділет департаменті:

1) осы бұйрықты жекеше нотариус Н.В. Ковалёваның назарына жеткізсін;

2) лицензияның қолданысын тоқтата тұру кезеңінде лицензиаттың мөрін уақытша сақтауға алсын;

3) нотариаттық палатамен бірге жекеше нотариус Н.В. Ковалёваның іс жүргізуінде жатқан құжаттарын басқа нотариусқа беру бойынша шаралар қабылдасын.

3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын;

2) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiне аталған нотариустың лицензиясының қолданысын тоқтата тұру туралы жазбаны енгізсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті директоры В.К. Калимоваға жүктелсін.

5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

Негізі: Абай облысы нотариаттық палатасының 18.09.2023 жылғы № 1059 ұсынысы, 25.08.2023 жылғы нотариустың арызы.

 

 

Вице-министр                                                                       А. Мұқанова

Дата публикации
02 октября 2023