№ 697 от 29.09.2023
«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы
1-тармағының 4)-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен Мадина Слямовна Даулеткуловаға нотариаттық қызметпен айналысу құқығына 2010 жылғы 15 қантарда берілген № 0002841 мемлекеттік лицензиясының күші тоқтатылсын.
2. Астана қаласы Әділет департаменті:
1) осы бұйрықты жекеше нотариус М.С. Даулеткулованың назарына жеткізсін;
2) жекеше нотариус М.С. Даулеткулованың мөрін жою ұйымдастырылсын;
3) нотариаттық палатамен бірге жекеше нотариус М.С. Даулеткулованың іс жүргізуінде жатқан құжаттарын басқа нотариусқа беру бойынша шаралар қабылдасын.
3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын;
2) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiне аталған нотариустың лицензиясының күшін тоқтатылу туралы жазбаны енгізсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департамент директоры В.К. Калимоваға жүктелсін.
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Негізі: Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының 2023 жылғы 11 шілдедегі үкімі, Астана қаласы сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының 2023 жылғы 16 тамыздағы қаулысы
Вице-министр А. Мұқанова