Лицензияның қолданысын тоқтата тұру туралы

№ 684 от 25.09.2023

«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 2-1-тармағының 3)-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен Төрехан Абдрайымұлы Сүйеубайдың нотариаттық қызметпен айналысу құқығына 2018 жылғы 10 тамызда берілген № 00000050 мемлекеттік лицензиясының қолданысы 2024 жылдың 1 мамырына дейін тоқтатыла тұрсын.

2. Түркістан облысының Әділет департаменті:

1) осы бұйрықты жекеше нотариус Т.А. Сүйеубайдың назарына жеткізсін;

2) лицензияның қолданысын тоқтата тұру кезеңінде лицензиаттың мөрін уақытша сақтауға алсын;

3) нотариаттық палатамен бірге жекеше нотариус Т.А. Сүйеубайдың іс жүргізуінде жатқан құжаттарын басқа нотариусқа беру бойынша шаралар қабылдасын.

3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын;

2) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiне аталған нотариустың лицензиясының қолданысын тоқтата тұру туралы жазбаны енгізсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті директоры В.К. Калимоваға жүктелсін.

5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

Негізі: Түркістан облысы Әділет департаментінің 19.09.2023 жылғы № 02-69-6/1616-И ұсынысы, 18.09.2023 жылғы нотариустың арызы.

 

 

Вице-министр                                                                       А. Мұқанова

Дата публикации
25 сентября 2023