№ 670 от 20.09.2023
«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 2-1-тармағының 3)-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен Гульмира Кошербаевна Кадироваға нотариаттық қызметпен айналысу құқығына 2013 жылғы 20 сәуірде берілген № 13006040 мемлекеттік лицензиясының қолданысы 2025 жылдың 11 қыркүйегіне дейін тоқтатыла тұрсын.
2. Астана қаласы Әділет департаменті:
1) осы бұйрықты жекеше нотариус Г.К. Кадированың назарына жеткізсін;
2) лицензияның қолданысын тоқтата тұру кезеңінде лицензиаттың мөрін уақытша сақтауға алсын;
3) нотариаттық палатамен бірге жекеше нотариус Г.К. Кадированың іс жүргізуінде жатқан құжаттарын басқа нотариусқа беру бойынша шаралар қабылдасын.
3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын;
2) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiне аталған нотариустың лицензиясының қолданысын тоқтата тұру туралы жазбаны енгізсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті директоры В.К. Калимоваға жүктелсін.
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Негізі: Астана қаласы Әділет департаментінің 12.09.2023 жылғы № 2-05/29643 ұсынысы, 12.09.2023 жылғы нотариустың арызы.
Вице-министр А. Мұқанова