№ 669 от 20.09.2023
«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 2-1-тармағының 3)-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен Сауле Бабогомаровна Рамееваға нотариаттық қызметпен айналысу құқығына 2012 жылғы 28 ақпанда берілген № 12000637 мемлекеттік лицензиясының қолданысы 2025 жылдың 4 қыркүйегіне дейін тоқтатыла тұрсын.
2. Астана қаласы Әділет департаменті:
1) осы бұйрықты жекеше нотариус С.Б. Рамееваның назарына жеткізсін;
2) лицензияның қолданысын тоқтата тұру кезеңінде лицензиаттың мөрін уақытша сақтауға алсын;
3) нотариаттық палатамен бірге жекеше нотариус С.Б. Рамееваның іс жүргізуінде жатқан құжаттарын басқа нотариусқа беру бойынша шаралар қабылдасын.
3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын;
2) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiне аталған нотариустың лицензиясының қолданысын тоқтата тұру туралы жазбаны енгізсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті директоры В.К. Калимоваға жүктелсін.
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Негізі: Астана қаласы Әділет департаментінің 07.09.2023 жылғы № 2-05/28583 ұсынысы, 04.09.2023 жылғы нотариустың арызы.
Вице-министр А. Мұқанова