№ 658 от 14.09.2023
«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы
2-1-тармағының 3)-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 2008 жылдың 28 мамырда Зарина Нургазиевна Игембековаға берілген №0001327 мемлекеттік лицензиясының қолданысы 2030 жылдың 10 қыркүйкке дейін тоқтатыла тұрсын.
2. Астана қаласы Әділет департаментіне:
1) осы бұйрықты жекеше нотариус З.Н.Игембекованың назарына жеткізсін;
2) лицензияның қолданысын тоқтата тұру кезеңінде лицензиаттың мөрін тапсыруын қамтамасыз етіп уақытша сақтауға алсын;
3. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын;
2) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тізіліміне аталған нотариустың лицензиясының күшін тоқтату туралы жазбаны енгізсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департамент директоры В.К. Калимоваға жүктелсін.
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Негізі: З.Н.Игембекованың 2023 жылдың 31 тамыздағы арызы және Астана қаласы әділт департаментінің 2023 жылдың 05 қыркүйктегі ұсынысы.
Вице-министр А.Мұқанова