Лицензияның қолданысын тоқтата тұру туралы

№ 648 от 08.09.2023 

«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 2-1-тармағының 3)-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен Жанар Октябрьевна Шаймардановаға нотариаттық қызметпен айналысу құқығына 2012 жылғы 12 қарашада берілген № 12016120 мемлекеттік лицензиясының қолданысы 2028 жылдың 04 қыркүйегіне дейін тоқтатыла тұрсын.

2. Астана қаласы Әділет департаменті:

1) осы бұйрықты жекеше нотариус Ж.О. Шаймарданованың назарына жеткізсін;

2) лицензияның қолданысын тоқтата тұру кезеңінде лицензиаттың мөрін уақытша сақтауға алсын;

3) нотариаттық палатамен бірге жекеше нотариус Ж.О. Шаймарданованың іс жүргізуінде жатқан құжаттарын басқа нотариусқа беру бойынша шаралар қабылдасын.

3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын;

2) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiне аталған нотариустың лицензиясының қолданысын тоқтата тұру туралы жазбаны енгізсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті директоры В.К. Калимоваға жүктелсін.

5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

Негізі: Астана қаласы Әділет департаментінің 05.09.2023 жылғы № 2-05/28550 ұсынысы, 04.09.2023 жылғы нотариустың арызы.

 

 

Вице-министр                                                                       А. Мұқанова

Дата публикации
08 сентября 2023