№ 645 от 06.09.2023
«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы
2-1-тармағының 3)-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 2015 жылдың 13 наурызда Лаура Маратовна Торегожинаға берілген №1500838 мемлекеттік лицензиясының қолданысы алты айға тоқтатыла тұрсын.
2. Алматы қаласы Әділет департаментіне:
1) осы бұйрықты жекеше нотариус Л.М.Торегожинаның назарына жеткізсін;
2) лицензияның қолданысын тоқтата тұру кезеңінде лицензиаттың мөрін тапсыруын қамтамасыз етіп уақытша сақтауға алсын;
3. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын;
2) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тізіліміне аталған нотариустың лицензиясының күшін тоқтату туралы жазбаны енгізсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департамент директоры В.К. Калимоваға жүктелсін.
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Негізі: Л.М.Торегожинаның 2023 жылдың 17 тамыздағы арызы және Алматы қаласының Әділет департаментінің 2023 жылдың 28 тамыздағы ұсынысы.
Вице-министр А.Мұқанова