Лицензияның қолданысын тоқтата тұру туралы

№ 636 от 02.09.2023

Қазақстан Республикасы «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңының 43-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 2006 жылдың
20 сәуірде Салтанат Ермекқызы Жүсіповаға адвокаттық қызметпен айналысу құқығына берілген № 0000637 мемлекеттік лицензиясының қолданысы 2026 жылдың 01 қыркүйекке дейін тоқтатыла тұрсын.

2. Ақмола облысының Әділет департаменті осы бұйрықты С.Е.Жүсіпованың, Ақмола облысының адвокаттар алқасы, сот және құқық қорғау органдарының назарына жеткізсін.

3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:

1) адвокаттық қызметпен айналысуға берілген лицензиялардың  Мемлекеттік тізіліміне тиісті жазба енгізсін;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментының директоры В.К. Калимоваға жүктелсін.

5. Осы бұйрық оған қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

Негізі: Акмола обласының Әділет департаментінің 23.08.2023 жылғы шығ. № 06-19/9941 ұсынысы, С.Е.Жүсіпованың өтініші.

 

 

Вице-министр                                                                   А.Мұқанова

Дата публикации
05 сентября 2023