Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің регламенті туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 6 қаңтардағы № 10 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің регламентінде:
125 тармақ мынадай мазмұндағы жетінші бөлікпен толықтырылсын:
«Үкімет қорытындысының жобасы ескертулермен енгізілген жағдайда, жоба Үкімет Аппаратында тіркелген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде мәселенің мәні бойынша нақты шешімдер қабылдау үшін сұрақ Премьер-Министр немесе оның орынбасарлары өткізетін кеңесте қаралады.».
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі А. Смайылов