Лицензияның қолданысын тоқтата тұру туралы

№ 633 от 31.08.2023 

«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 2-1-тармағының 3)-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен Шаріп Аринаға нотариаттық қызметпен айналысу құқығына 2021 жылғы 30 желтоқсанда берілген № 21034567 мемлекеттік лицензиясының қолданысы 2024 жылдың 1 қантарына дейін тоқтатыла тұрсын.

2. Шымкент қаласы Әділет департаменті:

1) осы бұйрықты жекеше нотариус Шаріп Аринаның назарына жеткізсін;

2) лицензияның қолданысын тоқтата тұру кезеңінде лицензиаттың мөрін уақытша сақтауға алсын;

3) нотариаттық палатамен бірге жекеше нотариус Шаріп Аринаның іс жүргізуінде жатқан құжаттарын басқа нотариусқа беру бойынша шаралар қабылдасын.

3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын;

2) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiне аталған нотариустың лицензиясының қолданысын тоқтата тұру туралы жазбаны енгізсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті директоры В.К. Калимоваға жүктелсін.

5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

Негізі: Шымкент қаласы Әділет департаментінің 08.08.2023 жылғы № 02-16-06/14505 ұсынысы, 04.08.2023 жылғы нотариустың өтініші.

 

 

Вице-министр                                                              А. Мұқанова

Дата публикации
01 сентября 2023