Лицензияның қолданысын тоқтата тұру туралы

№ 631 от 31.08.2023 

«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы
2-тармағының 5), 7)-тармақшаларына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен Айгуль Алтыбаевна Ильяшоваға нотариаттық қызметпен айналысу құқығына 2020 жылғы 26 қарашада берілген № 20017624 мемлекеттік лицензиясының қолданысы алты ай мерзімге тоқтатыла тұрсын.

2. Жамбыл облысы Әділет департаменті:

1) осы бұйрықты жекеше нотариус А.А. Ильяшованың назарына жеткізсін;

2) лицензияның қолданысын тоқтата тұру кезеңінде лицензиаттың мөрін уақытша сақтауға алсын;

3) нотариаттық палатамен бірге жекеше нотариус А.А. Ильяшованың іс жүргізуінде жатқан құжаттарын басқа нотариусқа беру бойынша шаралар қабылдасын.

3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын;

2) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiне аталған нотариустың лицензиясының қолданысын тоқтата тұру туралы жазбаны енгізсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті директоры В.К. Калимоваға жүктелсін.

5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

Негізі: Жамбыл облысы Әділет департаментінің 2023 жылғы 09 тамыздағы № 4-4-16/1698-И ұсынысы.

 

 

Вице-министр                                                                       А. Мұқанова

Дата публикации
01 сентября 2023