№ 616 от 25.08.2023
«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы
2-1-тармағының 3)-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 2014 жылдың 17 сәуірде Елена Михайловна Корчугановаға берілген №14005263 мемлекеттік лицензиясының қолданысы 2024 жылдың 01 тамызға дейін тоқтатыла тұрсын.
2. Астана қаласы Әділет департаментіне:
1) осы бұйрықты жекеше нотариус Е.М.Корчуганованың назарына жеткізсін;
2) лицензияның қолданысын тоқтата тұру кезеңінде лицензиаттың мөрін тапсыруын қамтамасыз етіп уақытша сақтауға алсын;
3. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын;
2) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тізіліміне аталған нотариустың лицензиясының күшін тоқтату туралы жазбаны енгізсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департамент директоры В.К. Калимоваға жүктелсін.
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Негізі: Е.М.Корчуганованың 2023 жылдың 28 шілдедегі арызы және Шығыс Қазақстан облысының нотариаттық палатасы 2023 жылдың 04 тамыздағы №813 ұсынысы.
Вице-министр А.Мұқанова